Халықаралық әдеби байқау жарияланды

2951

Халықаралық әдеби байқау жарияланды

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Әдебиет порталында" онлайн түрде І "Рух" халықаралық әдеби байқау жарияланды, деп хабарлайды adebiportal.kz.

Аталған байқау ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды көздейді.

Байқаудың жүлдесі қомақты. 

Байқауға қатысуға қойылатын талап пен қатысуды ресімдеу, байқау нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен "Әдебиет порталының" (http://adebiportal.kz/kz/ruh) "Арнайы жобалар" айдарынан егжей-тегжейлі таныса аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу