Халықаралық ақындар айтысы өтеді

1081

 Халықаралық ақындар айтысы өтеді

Шілденің 29-ы күні Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында "Туған жерге туыңды тік" атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Тастекеевтер әулетінің демеушілігімен өткелі отырған бұл жыр додасына Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Әсем Ережеқызы бастаған жерлестерімізбен бірге Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев сынды сөз сүлейлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, көрші Қытай елінде тұратын қандастарымыздың үкілі үміті болған Жарқынбек Бердібекұлы мен Байөлкенің тумасы Ералан Болатұлының да есімі жүр ақындар тізімінде.

Айтыс тізгіні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның қолында. Ал қазылық қызметті Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы қатарлы сөз зергерлері атқарады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу