Халықаралық Алматы әуежайында жаңа автотұрақтың бір бөлігі ашылды. Тұрақ 120 орынға есептелген.
"120 орынға есептелген жаңа автотұрақ оңтүстік VIP терминалының маңында орналасқан.Қосымша 100 орынға есептелген автотұрақтың екінші бөлігі осы айдың соңына дейін пайдалануға беріледі", – деп хабарлады Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Әуе айлағының жаңа терминалы құрылысын 2024 жылдың жазында аяқтау жоспарланып отыр.
Жаңа ғимараттың құрылысы халықаралық терминалдың тіке жолдарына борт көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшаққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін артады.