Халықаралық Аралды құтқару Қоры мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

404

Орталық Азия елдерінің көшбасшылары Душанбеде бас қосады

Халықаралық Аралды құтқару Қоры мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді Фото: akorda.kz

Душанбеде 14-15 қыркүйекте Орталық Азияның бес мемлекеті басшыларының бесінші Консультативтік кездесуі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Анадолаға"сілтеме жасап.

Саммитте құжаттар топтамасына қол қою жоспарлануда, олардың ішіндегі ең маңыздысы мемлекет басшыларының қорытынды декларациясы болады. Бұған дейін ресми Душанбе экономикалық форум, ғалымдар форумы, белсенді әйелдер кездесуі, мәдени бағдарлама және аймақтың бес мемлекетінің ұлттық тағамдар көрмесін қоса алғанда, консультативтік кездесу алаңында 12 іс-шара өтетінін мәлімдеді.

Душанбеде Халықаралық Аралды құтқару Қоры мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша бірнеше шешімге қол қойылуы тиіс. Орталық Азия елдері басшыларының алдыңғы саммиті Қырғызстанда 2022 жылғы 21 шілдеде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу