25-27 мамыр күндері Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гроссидің Қазақстанға сапары өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сапар аясында жоғары деңгейдегі кездесу, 2026-2036 жылдарға арналған агенттікпен ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі Жол картасына және ғылым мен ядролық медицина салаларындағы ынтымақтастық туралы өзге де құжаттарға қол қою жоспарланған", – деді ресми өкіл елордада өткен брифингте.
Бұған дейін Қазақстандағы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездескен еді. Тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.
Елімізде салынатын екінші АЭС-ке Мойынқұм атауы беріледі. Ол да Балқашта орналасады.