Халықаралық әуе рейстері тағы да шектелуі мүмкін

853

Түркия Республикасына рейс санын азайту ұсынылды.  

Халықаралық әуе рейстері тағы да шектелуі мүмкін

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін осындай бастама көтерді. 

"Шет елдерде коронавирус инфекциясының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынамыз. Сонымен бірге бүгінге дейін әуе қатынасын ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмау, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайту қажет деп санаймыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады", – деді Алексей Цой.

 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу