Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 6 қазаннан бастап мемлекеттік шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік күшейтілді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, 26 қазаннан бастап тағы бес елмен әуе қатынасы шектеледі.
"Автомобиль өткізу пунктері арқылы 73 591 ҚР азаматы мен шетелдіктер, оның ішінде 21 279 жолаушы келді. 5 967 адам карантиндік стационарға жатқызылды, олардың ішінде 122 адам оң нәтиже анықталды. Сырттан келген инфекцияны шектеу үшін осындай шаралар қолданылды. Халықаралық авиарейстермен 34 446 жолаушы келді. Оның ішінде 5 925 адам тесттен өтті. 17 адамнан оң нәтиже анықталды. 26 қазаннан бастап бірқатар елдермен әуе рейстерінің саны қысқартылады. Олар Украина, БАӘ, Германия, Беларусь Республикасы және Түркия", – деді вице-министр.
Сонымен қатар Ажар Ғиният коронавирустық инфекцияның анықталмағанын растайтын кем дегенде 72 сағаттық ПТР-тест анықтамасы жоқ қазақстандықтар 2 тәулікке карантинге алынатынын, ал шетел азаматтары депортацияланатынын ескертті.
Құралай Құдайберген