Халықаралық автомобиль тасымалдары ақпараттық жүйесінің операторы тағайындалмақ

914

Саланы қадағалау мақсатында навигациялық пломбалар енгізілуде. 

Халықаралық автомобиль тасымалдары ақпараттық жүйесінің операторы тағайындалмақ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осыны жүзеге асыру мақсатында ұлттық операторды айқындау үшін конкурс жариялады, деп жазды inbusiness.kz. 

Конкурсқа қатысушылар тиісті талартарға сәйкес келуі шарт.

"Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес өткізіледі. Ұлттық операторды айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығымен бекітілген", – деп хабарлады Қаржы министрлігі. 

Конкурстық өтінімдерді және қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 18 мамыр сағат 17:30.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу