Нью-Йорк пен Лондон соты Халықаралық Әзербайжан банкінің банкті құрылымдау барысында оның активтеріне қатысты банк талаптарын орындамау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазды BBC-ге сілтеп 7kun.kz.
Яғни, банк өзін банкрот деп жариялап, қарыздарын төлеуден бас тартқан соң, бұл банкке кредит берушілер оның мүлкі мен қаражатын тәркілеуді немесе оған тыйым салуды талап ете алмайды.
Енді инвесторлар шілденің ортасына дейін Әзербайжан үкіметі ұсынған ХӘБ қарыздарын қайта құрылымдау туралы жоспарына қатысты бір жақсы шешімге келуі керек.
Мамырдың 10-ында ХӘБ бірінші рет 100 млн долларға тең қарызын кешіктірген, ал 11 мамырда Нью-Йорк сотына өзін банкрот деп жариялау туралы өтініш берді. Тек қана осы жылдың өзінде банк 1,3 млрд доллар қарызын өтеуі керек болған. Ал Үкімет болса, өзінің алтын валюталарын сақтап қалуды ұйғарды.
Қаржы сарапшыларының айтуынша, бәрібір қарызды қайтаруға тура келеді. Бірақ мемлекет төлемдерді кейінге қалдыру мен қарыздың белгілі-бір мөлшерін төлемеу туралы жеңілдікке ие болады.