Халықаралық Әзірбайжан банкіне берілген ақша кері қайтарылады

855

Халықаралық Әзірбайжан банкіне берілген ақша кері қайтарылады

Әзірбайжан Қазақстан зейнетақы  қорынан инвестиция ретінде құйылған 71 млрд теңгені кері қайтаратын болады. Әзірбайжан адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасановтың айтуынша, ел Үкміеті Әзірбайжан халықаралық банкін құтқарып қалу үшін тиісті шаралар қабылдай бастаған. Банк қай құрылымдаудан өткеннен соң таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан онда ешқандай проблема болмайды дейді сарапшылар. Еске сала кетейік, Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қоры активтерінің 71 миллиард 300 миллион теңгесін Әзірбайжанның халықаралық банкіне салған болатын. Алайда, банк қарызға батып, банкротқа ұшырауы мүмкін екені белгілі болғанда, отандық бірқатар мамандар қордан алынған ақша кері қайтпай қалуы мүмкін екенін айтып дабыл қаққан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу