Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті қызметінен кетті

1194

Ол орталықты 2,5 жыл басқарған.

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті қызметінен кетті

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экс-басшы өткен аптада жұмыстан кеткенін атап өтті.

"Орталықта жұмысымды тәмамдауым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ"-тың бағдарын өзгерту ұсынысы жасалған тұста болуы өкінішті. Осыған байланысты менің Орталықтан кету шешімім бұдан ертерек қабылданғандығын, Орталық президенті ретінде 2,5 жылда қаншама оң өзгерістерді қолға алуымды ескерсек, әрине, шешімнің оңай тимегендігін жеткізгім келеді", – деді Айнұр Кәрібозова.

Ол орталықтағы ең маңызды жетістіктеріне тоқталды.

"...Алдын ала тілдік дайындықтың ендігіде қарастырылмауы нәтижесінде жылына 1,3 млрд теңге үнемделеді. Ауылдық үміткерлерді қоспағанда іріктеу конкурсына енді әлемнің озық университеттерінен тек шартсыз шақыру хаты (UNCONDITIONAL) бар үміткерлер ғана қатыса алады. Мемлекеттік тілге қойылатын талап күшейтілді. 2020 жылы пандемияның бірінші толқыны кезінде біз шетелдік университеттермен оқу төлемақысына жеңілдік алу келіссөздерін жүргізіп, 500 млн теңгеден аса қаражатты үнемдедік. Қатаң қадағалау нәтижесінде міндеттемелерін орындамаған стипендиаттардан 1,6 млрд-тан аса теңге бюджетке қайтарылды...", – деді орталықтың бұрынғы басшысы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу