Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа төрағасы тағайындалды

1077

Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасы қызметіне Әнуар Жанғозин тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа төрағасы тағайындалды

"Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин Халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды", – деп жазылған Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада. 

Ол 1986 жылы дүниеге келген. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "математика" мамандығы және "Назарбаев университетінің" магистратурасында "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша білім алған, әрі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

2008-2011 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 

2011-2016 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды. Әнуар Жанғозин қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу