Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біржолғы жәрдемақы төленетіні рас па?

1768

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде "1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға "Kaspi gold" мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленеді" деген ақпарат тарап жатыр.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біржолғы жәрдемақы төленетіні рас па?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жалған екендігін хабарлады.

Министрлік "Kaspi gold" қосымшасында республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны ресімдеуге болатынын еске салды. 

"Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайды. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 18,4 млрд теңге сомасына 134,1 мың адам алды",- деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ осы қосымша арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдей алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты сараланады.

"Осы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге сомаға алды",- деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу