Грекияның Родос қаласында жасөспірімдер арасында математикадан өткен халықаралық Балқан олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды, деп мәлімдеді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі.
22 ел бақ сынаған халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы қолаға қол жеткізген. Алғашқы екі орынды Румыния мен Сербия құрамалары өзара бөліскен.
Жасөспірімдер арасында өткен халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық математиктер 2 алтын, 3 күміс, 1 қола иеленді. Жалпы, халықаралық олимпиадаға 132 математик қатысты.
Айта кетейік, 2019 жылы жасөспірімдер арасында халықаралық Балқан олимпиадасы Кипрде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу