Халықаралық бидай трейдерлері РФ-пен жұмысты тоқтатады

1122

Жаһандық бидай трейдерлері 1 шілдеден бастап ресейлік дәнді дақылды экспорттауын тоқтатады. 

Халықаралық бидай трейдерлері РФ-пен жұмысты тоқтатады Фото: inbusiness.kz

Оның ішінде Cargill, Viterra, Louis Dreyfus сынды халықаралық компаниялар бар. Алайда ресей нарығынан кеткенімен, олардың орнын жергілікті трейдерлер баспақшы. 

Бидай экспортерлері одағының төрағасы Эдуард Зерниннің айтуынша, елде қуаты жөнінен шетелдік компаниялардан асып түсетін отандық ойыншылар көбейген. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. 

Ресейлік бидай одағының мәліметінше, 2022/2023 ауыл шаруашылық жылдары ресейлік трейдерлер  барлығы 7,2  млн тонна дәнді дақыл экспорттаған. Бұл былтырғыдан әлдеқайда артық. Ал келер жылы бидай экспорты  50-55 млн тоннадан асып түседі деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу