Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар рейтингін жаңартты

1349

Қазақстандық Ерлан Серікжанов 2 сатыға жоғарылады. 

Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар рейтингін жаңартты

27 қаңтар күні  Тель-Авив Гран Приінен кейін халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) бүкіләлемдік дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, Израильде өткен Гран При турнирінің күміс жүлдегері қазақстандық Ерлан Серікжанов 11-ден 9-орынға жоғарылады.

Қазақстандық дзюдошылардың жаңартылған рейтингтегі орны: (ТОП-50):

60 кг

Елдос Сметов – 2-орын (5809 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4170)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 9 (3829)

Елдос Жұмақанов – 19 (2775)

73 кг

Жансай Смағұлов – 31 (1965)

81 кг

Дидар Хамза – 24 (2282)

Руслан Мұсаев – 41 (1279)

90 кг

Ислам Бозбаев – 17 (2943)

100 кг

Айбек Серікбаев – 46 (1045)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев – 36 (1423)

Айта кетерлігі, 23-25 қаңтар күндері Израильдің Тель-Авив қаласында рейтингтік Гран При турнирі өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша  Гран При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылды. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу