Халықаралық экономика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

87

Қазақстан құрамасы Қытайда өткен білім додасында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.  

Халықаралық экономика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Қытайдың Сучжоу қаласында өткен International Economics Olympiad (IEO 2026) халықаралық экономика олимпиадасында ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық оқушы қатысқан беделді білім додасында қазақстандық оқушылар 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мұхтархан Батырхан иеленді.

Күміс жүлдеге Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Кемелов Дінмұхаммед пен Жапаров Альтаир, сондай-ақ "Мирас" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Сұлтанбек Аружан қол жеткізді.

Қола медальді Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Қуанышбек Темірлан жеңіп алды.

Құрама команданы ұлттық жаттықтырушы Руслан Мулдашев пен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Зере Жарлагапова дайындады.

Әуежайда жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін жақындары, әріптестері және білім саласының өкілдері қарсы алып, халықаралық олимпиададағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу