Халықаралық экспедиция Аралға аттанды

1099

Ғалымдар су түбіндегі топырақ пен тіршілік иелерінің сынамаларын алып, құрамын зерттеу арқылы көлдің қазіргі жағдайын анықтайды. 

Халықаралық экспедиция Аралға аттанды

Құрамына 20 ғалым енген топ Аралға аттанды, деп хабарлайды 24.kz.

Жол талғамайтын 5 көлікке мінген зерттеушілер 2 апта ішінде 4 мыңнан астам шақырымды еңсеруге тиіс. Арал теңізіне баратын халықаралық экспедицияда америкалық және венгриялық мамандар да бар.

Ғалымдар су түбіндегі топырақ пен тіршілік иелерінің сынамаларын алып, құрамын зерттеу арқылы көлдің қазіргі жағдайын анықтайды. Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтитын туристік бағытты дамыту жоспары да пысықталады.

Айта кетейік, экспедиция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы күнге дейін, гидробиолог ғалымдар судың ластығы, қышқылдығы, тұз бен фосфор деңгейі туралы деректер жинап, фото мен бейнематериалдар қорын толықтырды.

"Qazaq Geography" қоғамымен Назарбаев Университеті бірлесіп жасап жатыр. Негізгі мақсаты – Арал теңізінің суын зерттеу. Оның қаншалықты биологиялық жағынан, химия жағынан өзгертулер болып жатқанын зерттеу. Екіншіден, туристік маршруттарды ойластыру", – дейді "Qazaq Geography" РҚБ ғылыми-экспедициялық департаментінің директоры Нұржан Алдашов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу