Халықаралық есірткі айналымын ұйымдастырушылар ұсталды – ҰҚК

569

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның күш құрылымдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне бағытталған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық синдикаттың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2-3 маусымда Алматы қаласында "альфа-PVP" есірткі затының 17,7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды. Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты. Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды. Нәтижесінде, 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды. Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды", – делінген Комитет ақпаратында.

Жалпы терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 22,7 келі (68 мың бір реттік дозаға тең).

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу