Жергілікті "Движение" хореографиялық ансамблі Туапсе қаласында өткен халықаралық фестивальдан 8 алтын медальмен және бас жүлдемен оралды, деп хабарлайды egemen.kz.
4-15 жас аралығындағы 100-ге жуық ұл мен қыз жаттығатын ансамбль талай байрақты бәсекелерде олжалы болып жүр. Десек те, бұл жолғы конкурстың бәсі өте жоғары болды. Ресей, Қазақстан, Татарстан, Башкұртстан, Якутиядан қатысқан ондаған би ұжымдары арасында петропавлдықтардың өнерін қазылар алқасы барлық жағынан жоғары бағалады. Нәтижесінде, 8 аталым бойынша лауреат атанып, Гран-Приді қанжығаға байлады.
"Будущее планеты" халықаралық конкурсына алғаш қатысқанымызға қарамастан бишілеріміз жоғары шеберлік үлгісін көрсете білді. Келесі жылы Санкт-Петербург" қаласында өтетін тағы бір халықаралық байқауға шақырту алып отырмыз", дейді "Движение" ансамблінің көркемдік жетекшісі Ирина Сахарчук.