Гандболдан халықаралық турнирлер кейінге шегерілді. Бұл туралы халықаралық гандбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
"2020 жылдың 11 наурыз күні Халықаралық гандбол федерациясы мен Олимпиадалық іріктеу кезеңін қабылдайтын федерациялар әлемдегі жағдайды ескере отырып, өзгерістерді енгізді. Көптеген елде халықаралық додаларды өткізуге тыйым салынды. Біз үшін де спортшылардың амандығы бірінші орында. Сондықтан, IHF 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирлерін биылдың маусым айына дейін ұзартқанды жөн санады. Жарыстың нақты өтетін уақыты COVID-19 вирусының әлемдегі жағдайына қатысты хабарланады", – делінген ресми хабарламада.