Кеңестің жабық отырысы 6 ақпанда "Энергия" ЗҒК-да өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Известияға" сілтеме жасап.
Мамандар ХҒС-тың техникалық жағдайын бағалап, оның жұмысын 2028 жылға дейін ұзартуға келісуі керек немесе Ресейдің осы жобадан 2025 жылы шығуын ұсынуы тиіс.
Отырыста ХҒС ресейлік сегментінің борттық жүйелерінің бас құрастырушыларының пікірін тыңдау көзделіп отыр.
"Станцияның нақты техникалық жағдайы талқыланады, оның ешқандай саяси астары жоқ. Кеңестің шешімін елемеуге болмайды. Қажет болған жағдайда ұшуды жалғастыру үшін ақшалай төлем жасау керек болуы мүмкін. Мұндай кеңестер жыл сайын ХҒС ресейлік сегментін шығаратын кәсіпорындардың бас құрастырушыларының қатысуымен өтеді",-деп түсіндірді басылымның сұхбатшысы.
Станцияның белгілі мәселелерінің бірі - ауаның ағып кетуі. Өткен жылдың соңында "Союз МС-22" кемесінің салқындату жүйесінің сыртқы контурынан ауаның ағып кеткені байқалды. Роскосмос пен NASA мамандары кемені автоматты режимде жерге бос күйінде түсіруге келісіп, оның орнына ХҒС-қа 20 ақпанда "Союз МС-23" жіберілетін болды.