Ғалымдар Халықаралық ғарыш стансасында нан пісіруге арналған қоспа мен пешті ойлап тапты. Оны келесі жылы сынақтан өткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Росбалт агенттігіне сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, дайын ғарыштық тағамдар жылдан-жылға жақсарып келеді, бірақ астронавттардың ұзақмерзімді миссиялары үшін барлық астарын өздерімен бірге алып кету тиімсіз. Сондықтан ғалымдар көп тонналы қорды жерден арқаламай, оны ғарышта дайындау бағытында жұмыс істеуде. Ғылыми әзірлемелер қант өндірісі мен көкөністерді өсіруге арналған бактерияларға қатысты болып отыр. Жаңа піскен ас ғарыштағы астронавтар үшін ғана емес, туристерге де қолайлы болар еді, деп жазады Росбалт.
"Ғарыш туризмі танымал бола бастауына байланысты және адамдар ғарышта көп уақыт өткізуді қалаған сайын, бізге ғарыш жағдайында нан пісіру жүйесін қайта жасап шығуға тура келеді", - дейді Bake In Space компаниясының негізін қалаушы Себастьян Марку.