Грек-рим күресінен Грузияның астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гиви Картозия мен Вахтанг Балавадзе атындағы халықаралық гран-при турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz.
Тбилиси төрінде ел намысын қорғап жүрген грек-рим күрес шеберлері бес медаль иеленді. Мейрамбек Айнағұлов (59 келі) пен Данияр Каленов (66 келі) чемпион атанса, күміс медальды соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы Мақсат Ережепов (75 келі) ұтып алды. Ал үшінші орын Даниял Гаджиев (80 келі) пен Нұрмаxан Тінәлиевке (130 келі) бұйырды.
Айта кетейік, балуандарымыз 21-26 тамыз аралығында Парижде өтетін әлем чемпионатында күш сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу