Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

1118

Ол қаржы пирамидасын құрып, азаматтарға 160 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Грузиядан қаржы пирамидаларын құруға күдікті адам экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

ҚР бас прокуратурасы және ҚР ІІМ интерпол қызметкерлері қаржы пирамидаларын құруға күдікті деп танылған ІІМ Тергеу департаменті іздестіруіндегі Бақыт Жұмабаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Грузиядан экстрадициялады.

Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, Бақыт Жұмабаев UNNNITY corporation компаниясының менеджері болып жүріп, 2016-2017 жылдары аталған компанияға азаматтардың ақшасын заңсыз тартқан. Қылмыстық іс бойынша жалпы шығын 160 млн теңгеден асқан.

Қылмыс жасағаннан кейін ізін жасырған күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, кейіннен Грузияда ұсталды.

Қазіргі уақытта Жұмабаев Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу