Антикор Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы елге қайтарылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Жаңа Қалқаман" ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде болған. Пактың ҚХР (Чэнду қ.) аумағында екені 2019 жылы анықталған.
2006-2008 жылдар кезеңінде "Жаңа Қалқаман" компаниясын заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд теңгеден астам қаражатты ұрлаған.
"Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Ү.ж. 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды", – деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.