Халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

972

Атырау қаласы аумағында полицейлер 17-18 наурыз аралығында "Іздестіру" бірлескен операциясы аясында халықаралық іздеуде жүрген 3 азаматты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды Фото: inbusiness.kz

Олардың бірі өзбекстандық 38 жастағы азамат, оған Ресейде іздеу жарияланған. Қылмыскер ұсталып, қолхатпен жіберілген.

"2 сәуір күні Атыраулық полицейлермен Қарақалпақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 165-бабы 2 бөліммен көзделген қылмыстық әрекет жасап, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қылмыскері анықталып, ұсталды. Құрықталған 1985 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты  бұлтартпау шарасы "қамауға алу"  санкцияланып, ұсталып,  қамауға алынды. Қазір ұсталғандар туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне және іздеу жариялаған шетелдік әріптестерге жолданды",– деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Волгоград қаласының Полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабы 3 бөлімімен негізделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап, іздеуде жүрген 31 жастағы азаматтың РФ-ның Краснодарск қаласының №6 түзеу колониясында (6 ИК) қамауда екені анықталған.

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, жалпы жыл басынан қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған, яғни, тергеу, анықтау және сот органдарымен іздестірілуде жүрген 47 тұлға тіркелсе, 16 тұлға ұсталып, іздеу есебінен түсіріліп, бұған дейін жасалған 7 қылмыс ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу