Халықаралық іздеуде жүрген Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

1018

Халықаралық іздеуде жүрген Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, "Лидер Нефтепродукт KZ" ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен "Bank RBK" АҚ-дан  аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деген күдікке ілінген.

2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд теңгені және  83 млн АҚШ долларын құрайды.

Қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.        

Қазіргі уақытта Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу