Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы БАӘ эстрадацияланды

801

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы БАӘ эстрадацияланды

Еліміздің бас прокуратурасының қызметкерлері сенбі күні халықаралық іздеуде жүрген азаматты БАӘ-ден эстрадациялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан".

"Қазақстанның бас прокуратурасының жасаған сұрауына сәйкес  БАӘ әділет министрлігі қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс департаменті 2013 жылдан бері іздестіріп жатқан Қазақстанның М. есімді азаматын тапсыру туралы шешім шығарды", – делінген құзырлы органның таратқан ақпаратында.

Эстрадацияланған адамға Оңтүстік Қазақстан облысындағы компаниялардың бірінің филиалына тиесілі 6 млн теңгеден астам ($1/331,87) қаражатты жымқырды деген айып тағылған. Қазіргі таңда ол Астанадағы тергеу оқшаулағышына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу