Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды

126

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды Фото: ҚР Бас прокуратура

Таратылған мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды".

"Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп қорытындылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу