Бүгін бас прокуратура және Астана ішкі істер департаменті қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Әзербайжаннан күдікті Ирада Рустамованы экстрадициялады, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Аталған азамат былтыр Астанада алдын ала сөз байласу арқылы күш қолдану жолымен мүлкін бопсалап алу мақсатында адам ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстан кейін күдікті ізін суытып, қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынған. Осыған байланысты, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу