Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

834

Ресей азаматы ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуросын алаяқтық жолмен иемденген.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шубин Ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро ақшасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізіп беремін деп, алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген.

Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізген.

Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу