Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматы әуежайында қолға түсті

226

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматы әуежайында қолға түсті Фото: Polisia.kz

Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған.

Осылайша, бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу