Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

618

Ер адам 2018 жылдан бастап ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде болған.  

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы елорда тұрғыны экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2015 жылдың қараша айында елордадағы Жеңіс даңғылында ол сканерленген пультті пайдаланып, Toyota Camry көлігін ұрлап кеткені анықталды. Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, Қазақстанда оған іздеу жарияланған. Сонымен қатар көрші мемлекеттің аумағында болған кезде қазақстандық азамат ұрлық жасап, сотты болған және Тула облысының аумағындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан. 

Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасына экстрадицияланып, қамауға алынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу