Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Шымкентте ұсталды

865

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Шымкентте ұсталды

Шымкент қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Мигрант” және “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, ұстады.

30 жастағы деструктивті діни ағымның жақтаушысына Өзбекстанда халықаралық іздеу жарияланған.

Ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу