Халықаралық іздеуде жүрген Талғат Арданды ұстау неге қиындап кетті?

313

1,5 мың қазақстандық халықаралық іздеуде жүр. 

Халықаралық іздеуде жүрген Талғат Арданды ұстау неге қиындап кетті? Фото: alrt.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз адамдарға іздеу жариялаймыз. Қазіргі таңда 3,5 мың адам іздеуде жүр. Оның ішінде 1,5 мыңы халықаралық іздеуде. Біз олардың тегін білеміз. Орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді  Ғалымжан Қойгелдиев.

Журналистер "Astana LRT ісі бойынша күдіктілердің Лондонда екенін бәрі біледі" деп нақтылады.

"Талғат Ардан іздеуде жүр. Оның орналасқан жерін анықтаған жағдайда мұның бәрі де Интерпол арқылы жүзеге асырылады. Біз экстрадициялау бойынша сұрау жіберетін боламыз. Жасырынып жүрген азаматтарды білеміз. Сіздер дұрыс түсініңіздер. Шетелде тығылып жүрген азаматтарымыздың кейбіреуін тез қайтарып аламыз, ал енді кейбіріне уақыт керек. Көп уақыт кететіні шындық. Бірақ біз тоқтамаймыз. Шетелде қашып жүрген адам ертелі-кеш Қазақстанға келіп өзінің жазасын өтейтін болады", – деді Бас прокурордың орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу