Халықаралық іздеудегі қазақстандық Түркияда ұсталып, елге қайтарылды

167

Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Халықаралық іздеудегі қазақстандық Түркияда ұсталып, елге қайтарылды Фото: polisia.kz

19 маусым күні Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті.

– Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген. Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жауапкершіліктен жалтарып, елімізден тыс жерде жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу