Хатта күдіктінің кәмелет жасқа толмаған 5 баласын мемлекеттің қорғауына алу керектігі жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Атырау облысы, Жангелдин ауылында "ерлі-зайыптыны, яғни ата-енесін өлтірді" деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің 5 баласы мемлекеттік мекемелерге орналастырылып отыр.
– Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен 3 баланы Облыстық білім беру басқармасына қарасты бейімдеу орталығына 1 және 3 жастағы екі кішкентай Денсаулық сақтау басқармасына қарасты сәбилер үйіне орналастырылды. Балалардың жағдайы бақылауда. Комиссия отырысына балалардың ата-әжесі қатысқан. Атасы шешім заң аясында қабылданса қарсы еместігін білдірсе, әжесі балаларды өзі қарай беруге дайын екенін айтты, – деді Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева.
Ал Бейімдеу орталығының басшысы Құндыз Ғинаятова балалардың психологиялық жағдайы туралы айтып өтті.
– 9,7 және 4 жастағы бала кеше 15:20 шамасында орталыққа орналасты. Ата-әжесіне беруге ешқандай негіз болмағандықтан, ата-ана қамқорлығынсыз қалып отыр. Ата-анасы іздестірілуде деп айтты. Балалардың көңіл күйі жақсы, білім алуда. Қаладағы №33 мектеп мұғалімдері ішке келіп сабақ береді. Оларды ата-әжелері әр аптаның жұмасында сағат 17:00-19:00 аралығында кездесу уақытында көре алады, – деді ол.
Денсаулық сақтау басқармасы сәбилер үйіндегі 2 кішкентайдың да денсаулық жағдайы тұрақты екенін мәлім етті.