Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты

2231

Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты

Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты. Бұл қызметке  профессор Болатбек Әбдірәсілов тағайындалды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Бүгін ректорды оқу орнының ұжымына ҚР білім және ғылым вице-министрі, халықаралық қазақ-түрік университеті өкілетті кеңес төрағасының орынбасары Бибігүл Асылова таныстырды. Өз кезегінде жаңа ректор тұтас түркі халықтарының басын қосқан оқу ордасын өркендетуге, дамытуға барынша жағдай жасайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Болатбек Серікбайұлы еңбек жолын 1986 жылдан бастаған. Ғылым жолында өзіндік ізі бар профессор, биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу