YDA Group Петропавлда заманауи кешен тұрғызады

216

Кешен құрамына  4+ класстағы қонақ үй, тұрғын үй және бизнес-орталық кіреді.  

YDA Group Петропавлда заманауи кешен тұрғызады Фото: gov.kz

Халықаралық YDA Group компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының дамуына белсенді ат салысып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания заманауи нысандарды салып қана қоймай, әлеуметтік бағытта да маңызды қолдау көрсетіп келеді. Су тасқыны кезінде YDA Group зардап шеккен отбасыларға арнап 20 үй тұрғызды. Қазіргі таңда заманауи аурухананың құрылысына қатысып жатыр және Мағжан орталығын іске асыруға да елеулі үлес қосты.

"Бұл – жай ғана құрылыс емес, бұл – біздің өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экономикалық дамуды жеделдетуге бағытталған сенімді қадам. Өңірімізге осындай ірі инвесторлардың келуі – қуантарлық жайт. Бұл – облысымыздың әлеуеті артып келе жатқанын, экономиканың дамып жатқанын және Солтүстік Қазақстанға деген қызығушылықтың жылдан-жылға өсіп жатқанын көрсетеді", – деді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу