Халықаралық компаниялар 1 аптада 150 млрд доллар қарыз алған

1328

АҚШ, Еуропа, Қытай және Жапония корпорациялары 1 апта ішінде 150 млрд доллар көлемінде қарыз алған. Оның тең жартысы Америкада рәсімделген.

Халықаралық компаниялар 1 аптада 150 млрд доллар қарыз алған

Соңғы 3 күнде бұл елдегі бондтарға деген сұраныс жоғары болды. Apple 7 млрд доллар облигациясын сатты. Walt Disney мен Coca-Cola да техникалық алпауыттан қалыс қалмады, деп хабарлайды Atameken Business.

Еуропада 20 млрд еуроның бонды сатылды. Жапон нарығында да бір күнде 16 млрд доллардың құнды қағазы сатылымға шығарылған.

Ірі корпорациялар облигация бағасының күрт арзандап кеткен сәтін пайдаланып қалғысы келіп осындай шешім қабылдаған. Оған Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені төмендетеді деген хабар себеп болды. Қазірдің өзінде Азияда бұрын жылдық мөлшерлемесі  4,2-4,3 пайыз болған облигациялардың орташа ставкасы 3 пайызға дейін түскен. Сондықтан да ірі компаниялар сырттан қарыз алып, өздерінің құнды қағаздарын қайтадан сатып алуға кірісті.

Былтыр осындай байбэк (buy-back) бағдарламасы кезінде 1 трлн долларға жуық қаржы жұмсалған. Биыл оның көлемі 1,5-нан асады деген болжам бар. Бұл өз кезегінде қор нарығындағы жағдайдың мәз емес екенін аңғартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу