Қазақстанда алғаш рет қазақстандық тауарөндірушілерге арналған отандық өнімді ТМД және Жібек жолы елдеріне (Түркия, Қытай, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, т.б.) Роуд-шоу (презентациялық бизнес-семинарлар) басталды, деп хабарлайды export.gov.kz.
Шара 4 қыркүйек 2017 жылға дейін созылып, елдің он тоғыз облыстық және үш шағын қаласында шамамен бес мың өнім өндірушінің қатысуымен өтетін болады.
"Дәстүрлі нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі, Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүше болуы және қазақстандық тауарға сұраныстың өсуі жергілікті өндірушілерді жаңа нарықтарға шығу туралы ойландырады. Сондықтан Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі экспортты дамыту және қазақстандық өнімнің бәсекелестігін сыртқы нарықтарда арттыру. Осындай инновациялық онлайн алаңдардың пайда болуы қазақстандық брендтердің әлемдік брендге айналуына жасалған алғашқы қадам, деп сенеміз", - деп хабарлады "Kazakh Invest" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы экспортқа "Kazakh Invest" ҰК АҚ, "Атамекен" ҚР КҰП және "Kazakh Export" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ мемлекеттік қолдау көрсетеді. Олардың қолдауымен дамыту институттарының желісі құрылып, жұмыс істейді, экспорттық операциялар өткізуге заңнамалық база құрылады, қолдау шаралары іс жүзінде орындалады. Сондықтан "Zoodel" компаниясы ұсынып отырған бизнестік шешімдер отандық экспорттаушыларға арналған тауарлар мен қызметтерді Жібек жолы нарықтарына шығаратын қосымша және бірегей онлайн құрал болып табылады.
"Orient Swiss Kazakhstan" ЖШС бас директоры Сардор Мухамедалиевтың айтуынша "тауарөндірушілердің көбі ойланбастан халықаралық нарыққа шығып, өткізу нарығын іздеу, экспорттау мүмкіндігі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі сияқты әртүрлі қиындықтар туындаған кезде жарты жолда тоқтап қалатындары бәрімізге мәлім. Бизнеске көмек ретінде біз өткізу нарығы каналдарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді IT-шешімдерді ұсынамыз. Біз көп тілді контент жасай отырып, тілді түсінбеу мәселесін шешеміз, маркетингтік жылжытуға, клиенттерді іздеуге көмектесеміз, сауда серіктестерін анықтаймыз, логистиканы есептейміз. Біздің www.zoodel.kz онлайн алаңымызда жұмыс істей отырып, өндірушілер кеңселерінде отырып-ақ экспорттық операциялар желісін басқара алады".