"Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беру мәселесін заңнамалық түрде реттейміз. Сондай-ақ халықаралық олимпиада еңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медальға – 1500 айлық есептік көрсеткіш немесе 4,5 млн теңге, күміс медаль иегеріне – 1000, қола медаль жеңіп алған қатысушыға – 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай бір реттік сыйлық тағайындау жоспарлануда. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер мен тәлімгерлерге де бір реттік қаржылай сыйақы беру көзделген", – деді министр.
Қанат Махамбет