Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

194

Оқушысы алтын медаль алған ұстазға сыйақы тағайындалады.      

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі Фото: gov.kz

Министрлік мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы жеңістері үшін төлем ережелерін жаңартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыйақы мөлшері төмендегідей:

  • 1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
  • 2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
  • 3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)

Мұғалімдер де сыйақы алады. Мөлшері базалық лауазымдық айлыққа байланысты есептеледі.

  • оқушысы "алтын" алса – жалақысының 26,5 есесі;
  • "күміс" үшін – 17,5 есе;
  • "қола" үшін – 8,5 есе.

Төлемдер бір реттік, жеке беріледі. Ақшалай сыйақы тек осы жылғы жетістіктер үшін және Қазақстан азаматтарына ғана арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу