Халықаралық Олимпиадаға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлдегер атанған

179

Бұл туралы Оқу ағарту министрілігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Халықаралық Олимпиадаға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлдегер атанған Фото: Оқу ағарту министрлігі

2024-2025 оқу жылында Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 362 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024-2025 оқу жылының ең басты жетістіктерінің бірі – халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші қазақстандық оқушының елге жүлдемен оралуы. Ұлттық құрама қоржынында – 362 медаль, оның ішінде 41 алтын бар. Бұл – Қазақстан білім сапасының халықаралық деңгейде жоғары бағалануының айқын дәлелі. Аталған оқу жылында 40 пайыздан астам оқушы республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік шараларға қатысты", – делінген хабарламада.

Ресми өкілдің дерегінше, оның ішінде Қазақстан оқушылары Азия және әлемдік олимпиадаларда білімдерімен ерекше дараланып, беделді марапаттарға ие болды. Олар лингвистикадан – "Ең үздік қатысушы", физикадан – "Ең үздік қатысушы қыз бала", химиядан – "Ең үздік практик", информатикадан – "Ең үздік информатик" атанды. Химия пәнінен ең беделді халықаралық олимпиадада – екі дүркін, First Global Challenge робототехника чемпионатында үш дүркін әлем чемпионы болды.

"Бұл министрлік тарапынан білім сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нақты нәтижелілігі мен тиімділігін көрсетеді. Бұдан бөлек, Қазақстан – олимпиада жүлдегерлерін қаржылай ынталандыру жүйесін енгізген бірден бір ел. 2024 жылы халықаралық беделді олимпиадаларда топ жарған 26 оқушыға және оларды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы берілді", – деді Мереке Нұрмұханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу