Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары университетте тегін оқи алады

831

Олар  ҰБТ тапсырмайды.

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары университетте тегін оқи алады

Енді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегелері университетте тегін оқи алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаңа бұйрық бекітілді. Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Оның айтуынша, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген.

"Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жылғы жеңімпаздар мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. 

"Оқушылар әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған. Осылайша, ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленді.
Енді олар бірінші болып, ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. 
Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу