Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына 73 млн теңгеден астам сома сыйақы берілді

539

Әлемдік білім бәсекесінде топ жарған олимпиада жеңімпаздарына 73 млн теңгеден астам сома сыйақы табысталды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына 73 млн теңгеден астам сома сыйақы берілді Фото: ortcom.kz

"Мемлекет басшысы биылғы жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына бір жолғы ақшалай сыйақы беру туралы Заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,5 млн), күміс медальға 1 000 АЕК (3 млн), қола медальға 500 АЕК (1,5 млн) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалған. Алғаш рет әлемдік білім бәсекесінде топ жарған олимпиада жеңімпаздарына 73 млн теңгеден астам сомаға сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, алғаш рет халықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадалардың 100-ден аса жеңімпазы мен жүлдегерлеріне отандық жоғары оқу орындарына "конкурстан тыс" қабылдау үшін ерекше гранттар бөлінді", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Спикердің айтуынша, балалар жылында жас спортшылардың халықаралық спорт жарыстарына қатысуына республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Оған 200-ден аса бала қатысып, қазақстандық команда Франциядағы Дүниежүзілік гимназиядада 86 медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек 70 елдің ішінде 3-орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу