Халықаралық рейтинг агенттігі "Самұрық-Қазынаға" оң баға берді

1002

Халықаралық рейтинг агенттігі "Самұрық-Қазынаға" оң баға берді

Fitch "Самұрық-Қазына" рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады, болжам "тұрақты",  деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс департаменті.

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингілерін шетелдік және ұлттық валютада "ВВВ" деңгейінде "тұрақты" деген болжаммен растады. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның ұлттық шкала бойынша  рейтингісі "ААА(kaz)" деңгейінде расталды.

Fitch Ratings "Самұрық-Қазына" АҚ-ны компаниялар қоржынын басқаратын, оның ішінде құрамына Қазақстанның стратегиялық кәсіпорындары кіретін мемлекеттік инвестициялық холдинг ретінде бағалайды. Сонымен бірге "Самұрық-Қазына" АҚ бағалау кезінде қордың ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы, бейінді емес активтерді жекешелендірудің мемлекеттік агенті ретінде рөлі ескерілді.

Fitch Қазақстанның экономикалық даму мен әртараптандыру саясатын жүзеге асыруда "Самұрық-Қазына" АҚ аса маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.

Fitch Ratings талдамалық есебінің толық мәтіні 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланды.

Айта кетсек, Fitch Ratings - америкалық корпорация, халықаралық рейтинг агенттігі ретінде белгілі. Fitch Ratings - Standard & Poor's және Moody's-пен бірге белгілі халықаралық рейтинг агенттіктерінің үштігіне кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу