Халықаралық резервтер 6,5%-ға өсті

727

2021 жылғы мамырдың соңында елдің жалпы халықаралық резервтері 95,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Халықаралық резервтер 6,5%-ға өсті

Алдын ала деректер бойынша 2021 жылғы мамырда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 6,5%-ға ұлғайып, 36,4 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал жылдың басынан бастап 2,3%-ға өскен.

Резервтер депозиттердегі және Ұлттық банк шоттарындағы қаражаттың ұлғаюы есебінен, сондай-ақ еркін айырбасталатын валютадағы активтердің артуы нәтижесінде ұлғайған. 

"Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,6 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы мамырдың соңында 95,0 млрд АҚШ долларын құрады. Ақша базасы 2021 жылғы мамырда 4,4%-ға кеңейіп, 10 317,2 млрд теңге болды. Ал екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 6 034,9 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға өсті", – деп жазылған реттеуші таратқан хабарламада.

2021 жылғы мамырда жалпы ақша массасы 2,2%-ға ұлғайып, 27 446,6 млрд теңге болды, айналымдағы қолма-қол ақша 2,8%-ға ұлғайып, 2 964,6 млрд теңгеге жетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу