Халықаралық шахмат федерациясы комиссиясының құрамына Қазақстаннан 6 адам енді

999

FIDE комиссиясының құрамына әлемнің 130 мемлекетінен 224 адам енді. Қазақстан өз өкілдерінің саны бойынша Ресей мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Бұған дейін FIDE комиссиясының құрамында бірде-бір қазақстандық болмаған. 

Халықаралық шахмат федерациясы комиссиясының құрамына Қазақстаннан 6 адам енді

Халықаралық шахмат федерациясы комиссиясының құрамына тұңғыш рет Қазақстанның алты өкілі енді. Аталған тізім бүкіләлемдік шахмат федерациясының үш жыл сайын өтетін президенттік кеңесінде бекітіледі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дәстүр бойынша, комиссия мүшелері қатарына шахматтағы танымал қайраткерлер, өз елінде шахматты дамытуға үлес қосқан тұлғалар қабылданады. 

Қазақстан шахмат федерациясының вмце-президенті Берік Балғабаев FIDE президентінің кеңесшісі болып сайланды. 

Жандос Әбішев іс-шаралар жөніндегі комиссия мүшесі атанса, әлеуметтік сұрақтар бойынша комиссия мүшесі болып ҚШФ Атқарушы директоры Ирина Грищенко таңдалды. Халықаралық спорт шебері әрі гроссмейстер Евгений Владимиров FIDE-нің білім беру комиссиясы құрамына енді. Әлем және Азия чемпионы, гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов ғаламдық стратегиялар жөніндегі комиссиядан орын алды. Әлем чемпионы, гроссмейстер Динара Сәдуақасова ережелер жөніндегі комиссияға, ал ҚР ұлттық құрама мүшесі Гүлмира Дәулетова жеребе тарту жөніндегі комиссияға мүше болды. 

"Биылдан бастап шахмат әлемінде Қазақстанға үлкен жол ашылады. Мүмкіндіктер көбейеді. Шахматты елімізде дамытудан бөлек, FIDE-нің шешім қабылдауына әсер ететін федерациялардың бірі болып саналамыз. Бұл үлкен қадам Қазақстанның әлемдік шахматта алар орны ерекше екенін көрсетеді", дейді вице-президент Жандос Әбішев. 

FIDE комиссиясының құрамына әлемнің 130 мемлекетінен 224 адам енді. Қазақстан өз өкілдерінің саны бойынша Ресей мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Бұған дейін FIDE комиссиясының құрамында бірде-бір қазақстандық болмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу